"Қасақана жасаған": Емханадағы сұмдық өрттен 24 адам қаза тапты
2021 ж. 20 желтоқсан
1310
0
Полицейлер емхананы өртеді деп күдіктенген Жапонияның Осака қаласының тұрғыны алдын ала сатып алған жанармайды пайдаланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Тергеу барысында бейнебақылау камераларынан канистрі бар ер адамның велосипедпен кетіп бара жатқан видеожазбасы табылған. Сонымен қатар, Осака қаласының орталығына жақын орналасқан Нисиёдогава ауданындағы жанармай құю бекеті күдіктінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, олардан шынымен жанармай сатып алғанын растады.
Өрт 17 желтоқсанда қаланың бас теміржол вокзалының жанындағы адам көп жүретін орамдағы кеңсе ғимараттарының бірінің төртінші қабатында болды. Емхана сол жерде орналасқан, ол тұрған ғимарат толығымен жанып кетті. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, өрт ошағы лифт пен кіреберіс есіктің жанында болған, соның салдарынан ішіндегі адамдар шыға алмады.
Соңғы мәліметтер бойынша, өрт салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, тағы төрт адам, оның ішінде өрт қоюға күдікті 60 жастағы ер адам жарақат алып, ауруханада жатыр.
2019 жылы Kyoto Animation анимациялық компаниясының студиясын өртеген адам да жанармай құю бекетінен жанармай сатып алған. Осыдан кейін Жапонияда заңнама қатайтылды, енді жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткеннен кейін ғана канистрмен бензин сатып алуға болады.