Алматыда қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген күдікті ұсталды
2021 ж. 09 қараша
1195
0
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінген жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды.
«С. есімді күдікті Алматы қаласының маңында ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Еске салайық, бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.
«Алматыда Достық 138, «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтірді. Алдымен буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бұл туралы үндемей қалмаңыз! Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», - делінген жазбада.
Полиция департаменті жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқан болатын.