Сапарбаев Байзақ ауданында шатырда тұрып жатқандар туралы айтты
2021 ж. 29 қыркүйек
1008
0
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Байзақ ауданында арнайы қор құрылды. Оған белгілі бір мөлшерде қаражат құйылды. Ондағы қаражатты нысанды қалпына келтіруге де сома алынады. Құрылыс материалдары бойынша ешқандай мәселе жоқ. Барлық демеуші мен құрылыс компанияларының басшыларына қалыпқа келтіру жұмысын өздері жүзеге асырып жатыр, - деді Сапарбаев.
Ол атағандай, оқиға орнында аудан әкімдері мен облыс әкімінің орынбасары жұмысты қадағалап отыр.
Кейбіреуі палаткада тұрып жатыр. Салқын деген сұрақтар болды. Бұл тұрғындардың өз еркілері болды. Олар үйлері мен мүлкін қадағалауды қалады. Ал олардың балалары туралы айтсақ, 12 бала шипажайға орналастырылды. Қалған балалар туыстарында. Қалың киімдер қажет болған жағдайда біз барлығымен қамтамасыз етеміз, - деді ол.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери қоймалардың бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар.