Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 25 адам қайтыс болды
2021 ж. 16 тамыз
1447
0
Қазақстанда өткен тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды және аталмыш дерттен 25 адам қайтыс болды,деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Сондай-ақ өткен тәулікте 31 адам коронавирус пневмониясына жазылды. 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 65765 адам ауырып, 4073 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 56935 адамды құрап отыр.