Шымкенттегі Қарттар үйінде дау шықты
2021 ж. 05 тамыз
2510
1
Шымкент қаласындағы Қарттар үйінде дау шықты. Маусымдық киім уақытылы берілмей жатыр.
Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігіне Қарттар үйінде тұратын блогер Мәмбет Құрманбаев хабарлады.
- Жазылған жазбаға қайта оралу немесе Әлеуметтік үйлердің аңыздары! Әлеуметтік үйлерде әр маусымда киім беріледі, бірақ сол әлеуметтік үйлердің басшылары мен бас есепшілері, мемлекеттік сатып алу жөніндегі есепшісі әр науқандық киімді өз уақытымен берсе деген талап айтсаң мақұл деп уақытты созып өзіндік заңнама түзіп алған. Екінші тоқсан жаздық киімді беретін уақыты да өтіп барады, енді алда үшінші тоқсан да бітуге жақындап қалды! Басшылардың сөзі өтімді болып, әлеуметтік қызмет алушылардың талабы жүзеге аспай қалуы неде екен ? Әлде әлеуметтік қызмет алушылар өз талабын айтуға құқығы жоқ па ? Әлеуметтік үйлердің былығы бітпес көке жәке, әпке қарындастар барда! Заңдарын өздеріне сай етіп бекітіп алған мекеменің басшылардың мұрнын балта шаппас болғаны рас болды ғой! - деді М. Құрманбаев.
Осы жайтқа байланысты мекеме басшысы Мұхтар Ділдабаевтан жауап болады деп сенеміз.