Коронавирус: Қазақстанның 11 өңірі «қызыл» аймақта тұр
2021 ж. 12 шілде
1281
0
12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.