Үнді штаммы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 700-ге жуық науқас анықталды
2021 ж. 25 маусым
2012
0
Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 1496 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтан қаласы - 506,
Алматы қаласы - 181,
Шымкент қаласы - 50,
Ақмола облысы - 33,
Ақтөбе облысы - 29,
Алматы облысы - 37,
Атырау облысы - 61,
Шығыс Қазақстан облысы - 87,
Жамбыл облысы - 31,
Батыс Қазақстан облысы - 70,
Қарағанды облысы - 147,
Қостанай облысы - 34,
Қызылорда облысы - 31,
Маңғыстау облысы - 41,
Павлодар облысы - 49,
Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
Түркістан облысы - 33.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 414 712.
Еске сала кетейік, бұған дейін сынама алынған Нұр-Сұлтандағы науқастардың жартысы коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, "Дельта" штаммы Алматыда 11 адамнан анықталды.