Ержан Тұрғымбай: Мамайдың әрекеті - комедия, фарс
2021 ж. 07 маусым
3079
21
ЛГБТ лидері нөкерлерімен Жанболаттың партиясына кірді
Белгілі саясаткер Ержан Тұрғымбай Жанболат Мамайға қатысты өз ойын айтып, оны жалған популистік жолымен ұпай жинап жүр деп айыптады.
Бұл туралы Ержан Тұрғымбай өзінің ">ютуб арнасында мәлімдеді.
- Елімізде Мамайға сеніп жүрген адамдар бар. Саяси күш деген не? Партия, мысалы. Оларда бағдарлама, мақсат болу керек. Билікті қолға алып, өз бағдарламасын жүзеге асыру. Осыған дейін жеңіл тақырыптарды, популистік риториканы көтеріп, халықтың көңілін алып жүрді, - деді Тұрғымбай.
Ол, сонымен қатар, Мамай мен Байбек арасындағы дауға қатысты да өз көзқарасын жеткізіп, "Мамайдың әрекеті - комедия, фарс" деп атады.
Ержан Тұрғымбай елді шулатқан ЛГБТ лидері Жанның Жанболат пен Инга үшеуі құшақтасып түскен суреттерін салды. ЛГБТ өкілдері жетекшісінің өзі бастап, құшағын ашқан Мамайдың “демократиялық” партиясына қуана кіріп жатқандықтарын нақты фактілермен дәлелдеді. Биліктің сценарийі бойынша оншақты адаммен “митингігіге” шыққыш өтірік “оппозиционер”Мамайдың әрекетіне есі дұрыс адамдар еш сенбейтінін бұлтартпас дәлелдермен әшкерелеп берді.