Семейде қос азаматтығы бар ресейлік анықталып, елден шығарылды
2021 ж. 26 мамыр
1290
1
Семей қалалық көші-қон қызметінің өкілдері қос азаматтығы бар 64 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Altaynews.kz мәліметінше, оның қос азаматтығы бары шекеарадан өткен кезде анықталды.
Ол Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін пайдаланған. Куәлігі тәркіле, ҚР азаматтығынан айырдық, – дейді ШҚО полиция департаменті.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ресейлік азаматқа әкімшілік тәртіппен 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ҚР аумағынан шығарылды.