2021 жылдың басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2021 ж. 05 сәуір
1057
0
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 млн 74,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9% – ҚХР-дан, 5,8% – Түрікменстаннан, 3,0% – Моңғолиядан және 3,6% – басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (32,6%), Түркістан (16,5%) және Маңғыстау (14,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0%) және Нұр-Сұлтан (5,4%) қалаларына қоныстанды.
Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,1%-ті және зейнеткерлер 16,0%-ті құрайды.