Денсаулық сақтау министрі "Спутник V" вакцинасын сатып алғаны үшін қызметінен кетті
2021 ж. 12 наурыз
1836
0
Словакия премьер-министрі Игорь Матович Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Марек Крайчиді Sputnik V вакцинасын сатып алу жөніндегі келіспеушіліктерге байланысты отставкаға жіберетіндігін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Словакия препараттың Еуропалық Одақта тіркелуін күтпестен, алғашқы партиясын Ресейден 1 наурызда алды. Дереккөздің мәліметінше, вакцина Словакия мемлекетіне жасырын түрде енгізілген.
Матовичтің айтуынша, Денсаулық сақтау министрінің қызметтен кетуіне шын мәнінде вакцинаның алынуы емес, биліктегі тартыстар себепші болған.