Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті
2021 ж. 15 ақпан
996
0
Қызылорда облысында Алматыдан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына бет алған жүк көлігіне тиелген заттар толықтай өрнетіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 1698 шақырымында болды. Бұл Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы мен Жалағаш ауданы, Таң ауылын аралығын қамтиды.
«Аталған аумақта DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.