Цой: Наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін
2021 ж. 19 қаңтар
1036
0
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айында елімізде коронавирус инфециясының өршуі мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.– Осы жылғы наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін. Оптимистік сценарийге сәйкес, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеледі деп күтілуде. 24 мыңға дейін төсек орны толуы мүмкін. Дегенмен, бұл сценарий бойынша қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланбаған. Нақты және пессимистік сценарийлерге сай, күніне 6 мың мен 9 мыңға дейін жұқтыру деректері тіркелуі ықтимал. Шамамен 45 мың төсек орны толуы мүмкін. Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантин шараларын енгізу қажеттігіне соқтырады, – деді Цой.