Қарағандыда ұсталған қылмыстық топ мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірді
2021 ж. 18 қаңтар
1430
0
Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері 2016-2020 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан, – Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық топ мүшелелері Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қолға түсті.
Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды. Олардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады.
«7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды»,-делінген ақпаратта.