“Ақ жолдың” үгіт-насихат тобы Арыс теміржолшыларымен кездесті
2020 ж. 27 желтоқсан
1532
0
Арыс қаласы теміржол депосының жұмысшылары партияның Республикалық штаб мүшелерімен өткен кездесуде өзекті мәселелерді талқылады.
Үгіт-насихат тобы Оңтүстік өңірге сапары барысында Арыс қаласындағы SGM-group компаниясының теміржол депосында болды. Мекемеде 200 адам жұмыс істейді, негізінен жастар жұмыспен қамтылған.
Кездесуде “Ақ жол” демократиялық партиясының ұстанымдарын талқылаумен бірге, жұмысшыларды алаңдататын проблемалар жөнінде де пікір алмасты.
“Әрине, теміржолшылардың жалақылары жаман емес, жағдайларына сенімді. Дегенмен несиелер 25-28 пайыз болып тұрғанда мұндай жүкті көтеру мүмкін емес. Бұл жөнінде партиямыздың Ұлттық банкке “базалық ставканы 4-5 пайыздан төмендету керек” деп алты сауал жолдағаны туралы баяндадық”, – деді А.Перуашев
Ол сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Қаржы министрлігінің Kaspi Gold арқылы салық салу жоспарларына қарсы тұрғандарын да еске салды.
«Ақ жол» партиясының бастамасы оның парламенттегі өкілдерімен қорғалып, бұл жоспардың тоқтатылуына негіз болды.
«Карточка ұстаушылардың басым көпшілігінің несиелері бар адамдар. Бұл сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты, олардың көпшілігі банктерге қарыз және өзара берешектері бар адамдар. Төлем карточкаларын ұстаушылардың ішінен жасырын миллионерлерді таба алмайсыз. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамайды, өз нанын өздері тауып жүрген адамдар. Жасырын миллионерлерді миллиондаған пара алатындардың, миллиардтаған ақшаны офшорға шығаратындардың ішінен іздеген дұрыс», – деді А.Перуашев.
Партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат Қазыбек Иса Арыс қаласының тұрғындарын «Егер сіз елімізде оң өзгерістер болғанын қаласаңыз «Ақ жолмен» бірге болыңыздар!» -деп «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.
Теміржолшылар «Ақ жол» бастамаларына қолдау білдіріп, демократиялық партия ұсынған өзгерістердің дер кезінде және қажет екенін атап өтті.
«Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді