«Ауыл» партиясы қоғамдық штабының ашылу салтанатын өткізді
2020 ж. 11 желтоқсан
1927
0
Астанада «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар З.Әліпбек, Д.Кәпұлы, Б.Төлеген, А.Саттаров, А.Кукеева қатысты, - деп жазды aikyn.kz.
Онлайн іс-шараға «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ 17 өңірлік штабтың қызметкерлері қатысты.
«Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаев кіріспе сөз айтып, үгіт-насихат науқанының негізгі акценттерін атап өтті.
Республикалық қоғамдық штабты Т.С. Рахымбеков басқарады. Жиында ол штабтың дайындығы туралы баяндады. «Ауыл» партиясының партиялық тізімі бойынша 625 адам Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларында депутаттыққа кандидат ретінде ресми тіркелді.
Оның ішінде 19 адам ҚР Парламент Мәжілісіне, 98 адам облыстар мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, 508 адам облыстық маңызы бар аудандық және қалалық мәслихаттарға үміткер ретінде тіркелді. Үгіт-насихат науқанына 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қалада жұмысын бастады. Сонымен қатар әр аудан орталығында аумақтық штабтар ашылды.
Үгіт-насихат науқаны кезінде онлайн режимінде өңірлерде сайлаушылармен кездесулер, акциялар, дебаттар, флэшмобтар өткізіледі.
Пандемияға байланысты үгіт-насихат кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігі өңірлерге ескертілді.