Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті Бэк Эйрге төртінші рет сотқа берді
2020 ж. 23 қараша
1250
0
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіндегі қызметкерлер Бэк Эйр авиакомпаниясы болмаған рейстердің сатып алынған билеттері үшін ақшалай қаражаттарды қайтармағаны бойынша азаматтардың мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Осыған байланысты Алматы қаласының Түрксіб ауданының соты тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төртінші талабын қарастырып жатыр. Қуымның талабы авиатасымалдаушыдан 5 млн теңгеден астам 147 билетті сатып алған 86 жолаушының арызы бойынша дайындалды.
Айта кетер жайт, бұдан бұрынғы үш талаптың нәтижесі бойынша соттық шешімдер мекеменің жағында болды. Бірақ компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым бергенімен, сот өз шешімін өзгертпеді.
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті ақшалай қаражаттарды қайтару бойыншақұқықтық өрісте барлық шараны қолданады.