Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
2020 ж. 11 қараша
1984
0
Кәмелетке толмаған қызын зорлаған Байқоңыр қаласының тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, педофил 15 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
2019 жылдың жаз мезгілінде болған қылмыс жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырған болатын. Тергеуді ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізген. Сот отырысы, дәлелдерді келтіру, куәгерлерді шақыру процестері бір жыл бойы жүргізілді.
Күдікті оқиға орнында ұсталғанына қарамастан, сот отырысы кезінде жәбірленушінің анасы бастапқы айғақтарын өзгертіп, күйеуін жауапкершіліктен босатып алмақ болған. Алайда қылмыс жасалған кезде екеуі ажырасқан болатын.
"Прокурорлардың бірінші кезектегі міндеті айыпталушының кінәсін баланы сот процесіне қатыстырмай дәлелдеу болды, бұл баланың психикасына зақым келтірмеу үшін жасалды", - дейді прокуратура өкілдері.