Коронавируспен ауырғандарға оңалту қызметін қалай алуға болады
2020 ж. 06 қараша
842
0
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастар әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен оңалту қызметтерін алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық оңалту көрсету Ережесіне тиісті толықтырулар енгізді. Бұйрық http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020022 - «Әділет» сайтында жарияланды.
Науқастарды COVID-19-дан кейін қалпына келтіру бірнеше кезеңнен тұрады. Ауруханаға жатқызу кезеңінде қалпына келтіру шараларының кешені басталады, олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуын азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған.
Ауруханадан шыққаннан кейін ауру ағымының ауырлығына, ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациент медициналық оңалтудың 2-кезеңіне немесе бірден 3-кезеңге жіберілуі мүмкін, ол амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда немесе қашықтықтан жүргізіледі. Айта кету керек, ковидтан кейінгі синдром психологиялық қолдау шараларын қажет етеді.
«Егер науқаста коронавирустық инфекция болса, қанның оттегімен қанығуы 95% - дан төмен, өкпенің зақымдану деңгейі 50% - дан асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, бірақ нормадан асатын ентігу, қатар жүретін аурулар, оттегі қолдауы қамтамасыз етілсе, емдеу реанимация және қарқынды терапия бөлімінде өтсе, науқас 2 кезеңді қалпына келтіруді қажет етеді. Орташа айқын көрінген бұзылулары бар пациенттер 3 кезеңге жіберіледі» - деп ӘМСҚ баспасөз қызметінде мысал келтірді.
Айта кету керек, егер көрсеткіштер болса, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да 3 кезеңді оңалтуға ала алады. Сондай-ақ, олар мультидисциплинарлы топтың бағалауынан өтуі қажет.
Әрбір пациент үшін оңалту курсы пациент ағзасының ерекшеліктерін, оның қосалқы ауруларының болуын, жасын және т. б. ескере отырып, жеке таңдалады.
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі бұрынғы тәртіптен ерекшеленбейді: ол үшін Сіз учаскелік дәрігермен кеңесуіңіз керек, участкелік дәрігер пациенттің жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе көп салалы мамандар тобының кеңесіне жолдама береді. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілігі (Бартел индексі) ескеріледі.
Қор коронавируспен немесе пневмониямен ауырғаннан кейін оларға мұқтаж сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Оңалту қызметтерін көрсету үшін биылғы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен шарттар жасасты, оның ішінде осы қызметтерді жеткізушілер қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.
Егер емделушіге көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, онда пациент 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.