Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
2020 ж. 21 қазан
981
0
Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды «Қазақ үні» Ақордаға сілтеме жасап.
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.
Биыл мемлекеттік сыйлықты алу үшін барлығы 6 жұмыс түскен. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 3 жұмыс өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыс тізімін бекітті.
Келесі кезеңде 2020 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленетін болады.