Нығматулин Әзербайжан Мәжілісінің төрағасымен телефон арқылы сөйлесті
2020 ж. 01 қазан
1540
0
Әзербайжан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Сахиба Гафарова телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Таулы Қарабахтағы қақтығыстың ушығуына байланысты жағдайды талқылады.
Нұрлан Нығматулин шетелдік әріптесіне қазіргі жағдайда бейбіт келіссөздер арқылы ғана мәселе шешімін табуға болатындығы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мәлімдемесінде көрсетілген қазақстандық тараптың ұстанымын жеткізді.
Әңгіме барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.