Қазақстанның қорғаныс әскерлері жаңа радиолокатарлық станциямен жабдықталған
2020 ж. 15 қыркүйек
1048
0
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бөлімдер мен құрамаларды аралау барысында 2019 жылы Ақтау гарнизонына қызметке түскен «НҰР» GM 403 радиолокатарлық станцияның жұмысымен таныстырылды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.Әскери техниканы өндіруші «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ құрамына кіретін «Гранит-Талес Электроникс» қазақстандық кәсіпорыны болып табылады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мамандарының пікірінше «Нұр» GM 403 радиолокатарлық станциясы жағымды жағынан көрсетті. Болашақта «Нұр» радиолокатарлық станцияларын әуе шабуылына қарсы қорғанысының барлық бөлімдеріне, соның ішінде ағымдағы жылы әскери бөлімдердің біріне жеткізу жоспарлануда.