Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
2020 ж. 25 тамыз
1167
0
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды parlam.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - делінген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде.