Мақсаттарыңыз ұлт мүддесі үшін қызмет ету екенін көрсетіп келесіздер - Қайрат Жолдыбай
2020 ж. 11 тамыз
2118
0
Шардара ауданының әкімі "Қазақ үні" газетінің мерейтойымен құттықтады
Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай "Қазақ үні" газетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Өз құттықтауында әкім газет ұжымының ерен еңбегін атап өтіп, келелі мәселелерде кестелі сөз айтып, көптің көкейіндегі өзекті тақырыптарды көтеретін іргелі басылымның қоғам өміріндегі маңызы туралы айтты.
- Әрқашан да қалың оқырманның талғамына қарай бұқарамен біте қайнасып келе жатқан "Қазақ үні" газеті оқырманның жүрегінен орын тауып келеді, - делінген құттықтау хатта.