Карантин талабын бұзғандарға 2 миллион теңге айыппұл салынды
2020 ж. 31 шілде
1295
0
Атырауда карантин талабын сақтамаған тұрғындарға 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, карантин талабын бұзу бойынша 106 әкімшілік іс қозғалған.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабының, 1 бөлігі бойынша шағын және орта бизнес объектілері, жеке тұлғалардың үстінен 106 әкімшілік іс қозғалды. Оларға жалпы сомасы 29,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде 55 жеке тұрғаға және жұмыс орнында карантин талабын сақтамаған 44 адамға айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдың жалпы көлемі - 2 миллион 291 мың 850 теңге, - делінген хабарламада.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қала тұрғындары маска тақпай, арақашықтықты сақтамай карантин талабын жиі бұзатынын атап өтті.
Сондай-ақ, 51 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасына азық-түлік дүкенінің 36 қожайыны, 4 қоғамдық тамақтану орны, ұялы телефон сататын 1 дүкен, 1 ойын клубы, 4 техникалық қызмет көрсету орталығы, құрылыс материалдарын сататын 1 дүкен, 3 жанармай құю бекеті, 1 супермаркет бар. Осылайша, қаладағы 1 243 объек тексеріліп, карантин талабын бұзудың 106 дерегі анықталған.
27 шілдеде 7 әкімшілік іс қозғалды. Оның біреуі жеке кәсіпкерге, алтауы жеке тұлғаға қатысты. Жеке тұлғалар дегеніміз дүкен сатушылары. Олар жұмыс орнында маска тақпаған және қолғап кимеген, - дейді департамент қызметкерлері.