Қазақстан Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
2020 ж. 23 шілде
1055
0
Қазақстан билігі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Үкіметтің 2020 жылдың 20 шілдесіндегі қаулысы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, Ауғанстанға 500 көрпе қап, 50 қысқы шатыр, 500 данадан жиналмалы металл кереует, матрас, жастық тыстары, жастық, көрпе, жылы шалбар және мың дана ақжайма, 400 тоқыма бас киім жіберіледі.
Өзбекстанға 600 тонна ұн, 250 тонна қарақұмық жармасы, 100 мың литр өсімдік майы, 50 мың сүт консервісі жеткізіледі.
Үкімет ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды броньнан шығаруды қаулы етті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне гуманитарлық жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті.