Табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге қалай төленеді?
2020 ж. 14 шілде
964
0
COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста жүрген немесе табысын жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төленеді.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
Біржолғы төлемді тағайындауға өтінімді:
- жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер;
- карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бере алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.
Жұма күні азаматтардың өтініш беруге мүмкіндігі пайда болады деп үміттенеміз, ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз жекелеген санаттағы азаматтар үшін проактивті форматта төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамыз
Бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға біржолғы төлемге өтініш беру үшін БЖТ-ны қайта төлеу міндетті емес.