Алакөлдегі демалыс орталықтары санитарлық нормаларды сақтауға асығар емес
2020 ж. 09 маусым
1438
0
13 маусымнан бастап қазақстандықтар Алакөл жағасында демала алады. Бірақ, барлық демалушылар мен демалыс орындарының иелері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керек.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.Үш арнайы мониторингтік топ демалу аймақтарының дайындығын тексеру үшін көл жағалауына аттанды. Тіркелген 175 демалыс орталығының тек 59-ы немесе 34 пайызы ғана дайындық жұмыстарын бастағандығы белгілі болды. 116 демалыс үйлерінің иелері демалушыларды қабылдауға дайындықты әлі бастаған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы сапаны бақылау және тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі департаменті басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраевтың айтуынша, 59 демалыс орталығының тек біреуі ғана адамдар көп жиналатын орындарда кезекке тұруды қамтамасыз етеді, 12 контактісіз термометр сатып алынды, 22-де антисептиктері бар санитарлық құралдар орнатылды, 32 дезинфекциялық құрал сатып алынды. Сондай-ақ, ойын-сауық орталықтарында орнатылған ойын және сәулет нысандары залалсыздандырылмаған, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын, келген адамдардан жауап алуды бақылау үшін жауапты тұлғалар құрылмаған.
Бүгінгі күнге дейін 175 демалыс орталығының бірде-біреуі 2020 жылдың туристік маусымына толық дайын екендігі туралы акт алған жоқ.
- 13 маусымнан бастап біз көлдегі туристік маусымды бастаймыз. Жоспарланған күнге сәйкес Алакөл жағалауында профилактикалық дезинфекция, дезинсекция, дезинфекциялаудың бірінші кезеңі өткізілді. Демалушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін таңбалар жағажайда күн төсеніштерінің орналасқан жерін белгілеу арқылы жасалды. Ең бастысы - демалушылардың денсаулығы. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлерден қауіпсіздікті және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша шаралар қабылдауларын сұраймыз, - деді Нұрлағазы Ибраев.
Алакөлге келген демалушылар жедел тестілеу немесе ПЦР нәтижелерін ұсынуы керек екенін еске саламыз. Сонымен қатар, бір ғана отбасы мүшелері коронавирусқа тест тапсыра алады.