Қазақстанда коронавирустан үш науқас көз жұмды
2020 ж. 03 маусым
878
0
Қазақстанда коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды. Шымкент қаласы - 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысы - 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 1959 жылы туған ер адам. Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады», делінген хабарламада.
Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирустан қайтыс болды.