Өзбек олигархы мақтааралдықтарға 5 млн доллардан астам қаржы аударды
2020 ж. 08 мамыр
1188
0
Ресейлік кәсіпкер Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының бөгеті бұзылуы салдарынан жапа шеккен мақтааралдықтарға 5 млн доллар аударды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ресейлік кәсіпкер Алишер Усманов Мақтаарал ауданында су басу салдарынан жапа шеккен және қауіпсіз жерге көшірілген 30420 тұрғынға арнап «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының шотына 5 млн 202 мың доллар аударды» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, бұл қаражат жапа шеккен жанұялардың отағалары – 5202 адамның жеке шотына аударылатын болады.