ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАСҚЫН СУДАН 620 ҮЙ ЖАПА ШЕККЕН
2020 ж. 03 мамыр
941
0
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты тасқын су Түркістан облысы Мақтарал ауданы ауылдарын да басып қалды. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы 620 үй жапа шеккен.
Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде.