Банкте шоты жоқ адамдар да 42500 теңге алуға өтініш бере алады
2020 ж. 06 сәуір
6050
1
42500 теңгелі әлеуметтік төлемді азаматқа аудару үшін оның шоты болғаны керек. Ол есеп шоттын нөмірін, 42500 теңге тағайындауға өтініш бергенде көрсету керек.
Бірақ, біраз азаматтар, есеп шоттары ешқашан болмаған, сол себебтен банктерге, Казпошта бөлімшелеріне асығып жүгінуде.
Карантин кезінде адамдардың көптеп жиналуы қауіпті екені белгілі.
Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірге, 42500 теңгеге беретін өтініште, егер есеп шоты болмаса, есеп шотын өтініште көрсетпей (толтырмай) жолдау жолын жасады, деп хабарлады министр Біржан Нұрымбетов фейсбук парақшасында.
- Ол дегеніміз (техникалық өзгерістерді порталдарға еңгізген жағдайда) өтінішін толтырып жатқан адам, есеп шотын көрсетпей-ақ өтінішін жолдау мүмкіндігі болады. Оның өтінішін біз қабылдап, 42500 теңге төлемді тағайындап қоямыз, және сол кісінің есеп шотын күтеміз, 30 күнге дейін. Яғни біз төлеуге дайын боламыз, есеп шотыңызды берген соң, сол күні төлемге жіберетін боламыз.
Ол дегеніміз, өтінішін бізде тіркеп алып, кейін асықпай есеп шотын ашуға мүмкіндік.
Бұл мәселе біз жағымыздан бір-екі күнде шешіледі.
Ал, өз кезегінде, банктер және Казпошта тарапынан да адамдардан есеп шот ашуға тапсырыстарын қашықтықтан беретін жүйені жасап, есеп шоттарын ашып, карточкаларын үйлеріне жеткісіп беру мүмкіндігін қарастырған қажет дейміз, деп жазды министр.