Үкімет шешімі: Дәрігерлер айына миллион теңге алады
2020 ж. 31 наурыз
1342
0
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі министрі Дәурен Абаев үкімет коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеретінін айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген. Осыған орай бүгін үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, Арнайы шешім қабылданды.Соған сәйкес медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай, үш топқа бөлінген, - дейді Абаев.
Біріншісі, "қауіптілігі аса жоғары" - жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 3284 маман. Олардың жалақысына айына үстемақы 850 мың теңгені құрайды. Яғни олар айына шамамен өз айлықтарын қосқанда 1 миллион теңгеден жоғары алады.
"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері.Үстемақы 10 ең төменгі жалақы - 425 мың теңге. Бұл топта 11 951 маман бар. Айлықтарымер қосқанда 600 мың теңге көлемінде болады."Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ең төменгі жалақы- 212,5 мың теңгені құрайды. Үшінші топ - жалақысын есептегенде шамамен 380 мың теңге алады. Олардың саны - 10993 адам.