Ассамблеяның «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысы Қордайға гуманитарлық көмек жіберді
2020 ж. 15 ақпан
2142
0
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысы аясында Жамбыл облысына азық-түліктер және тұрмыстық заттарды жөнелтті. Бұл игі шара елордамыздағы еріктілердің көмегімен іске асырылған болатын.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.«2020 жылдың 10 ақпаны мен 13 ақпан аралығында өткен акцияға атсалысқандардың қатары көп болды. Қала тұрғындарымен қатар елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де көмек көрсетіп, халықпен бірге екендігін көрсетті. Барлық азық-түлік және тауарлардың жарамдылық мерзімін тексеріп, арнайы қораптарға салып, 10 тонналық жүк көлігімен жөнелттік», - дейді ҚХА Еріктілер қозғалысы «Әлеуметтік» бағыт үйлестірушісі Татьяна Левченко.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы елордалық Достық үйінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді.