Елордада атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады
2020 ж. 06 қаңтар
1577
0
Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Құжаттар Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде, Халықты жұмыспен қамту орталығында, "Жанұя" отбасын қолдау орталығында қабылданады.
Азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде.
Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалатынын атап өткен жөн, өтініш берілген күнге қарамайды. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса да, төлем толық ай бойы төленеді.
Құжат тапсырушы азаматтар өтініш пен сәйкестендіру үшін жеке куәлігін ұсынуы қажет. Сондай-ақ, тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеуде болуыңыз керек.
Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-тоқсанына күнкөріс деңгейі – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).