Ел демократиясын дамытудағы зор еңбегі ұмытылмайды
2020 ж. 01 қаңтар
1698
0
"Ақ жол" партиясы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.
Қазақстанның Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған ҚР Жоғары Кеңесінің Төрағасы ретінде Серікболсын Әбділдиннің еліміздің саяси-экономикасы мен парламентаризмін, демократиясын дамытудағы зор еңбегі ұмытылмайды деп білеміз.
Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болғай! Иманы саламат болсын!
"Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесі Президиумы