Қандастарымыз тарихи отанына оралып жатыр
2019 ж. 07 желтоқсан
3051
0
Биыл жыл басынан бері 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. «Көші-қон процестерінің тек әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен бірге елдің қауіпсіздігіне тікелей әсерін және көпқырлығын ескере отырып, заңсыз миграцияны бақылап, арналарына тосқауыл қоюды, оларды анықтап, жолын кесуді қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні орын алып отырған көші-қон ағынына қатысты айтар болсақ, Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріміздің деректеріне сәйкес, осы жылдың 10 айында ғана елімізге 5,6 млн. адам кіріп, әлемнің 200-ге жуық елінен келген 5,3 млн. шетелдік шықты», – деді министр «Қазақстандағы көші-қон: Проблемлар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында.
qazaquni.kz