Бюджет ережесі бекітілді
2019 ж. 07 желтоқсан
1569
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың үш жылдық бюджетіне, қалалар арасындағы трансфертқа және ұлттық қордан төленетін қаржыға байланысты заңнамаларға қол қойды.
Атап айтсақ, мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 -2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын бекітті.
Аталған заңнамаларда Қазақстан президентінің қоғамдық жұмыскерлер, ұстаздар және мәдениет қайраткерлерінің жалақысын көтеру және тағы басқа да нұсқаулықтары атап көрсетілген.
qazaquni.kz