Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген Ұлыбритания азаматы болып шықты
2019 ж. 29 қазан
1616
0
Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қалалық сот.
Кінәлі азамат бұл бап бойынша 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұлыбритания елшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Біз Алматыдағы британиялық сәбидің өлімі мен Ұлыбритания азаматының тұтқындалуына байланысты полициямен тұрақты байланыстамыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елшіліктің коммуникациялар бөлімінің мамандары.
Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең болды. Әкесі туған қызын ұрып өлтірді.