Нұр-Сұлтанда Үндістаннан келген жұмысшылар төбелес шығарды
2019 ж. 28 қазан
1938
0
Нұр-Сұлтанда Үндістаннан келген жұмысшылар төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, 27 қазанда қалалық полиция департаментінің Жедел басқарма орталығына салынып жатқан жатақхана маңында шетелдік жұмысшылардың арасында төбелес шыққаны жайлы хабарлама келіп түскен.
"Полицейлер Үндістаннан келген жұмысшылардың ішімдік ішіп, нәтижесінде үшеуі түрлі дене жарақаттарын алғанын анықтады. Есіл аудандық полиция басқармасына осы төбелесте болған барлығы 8 шетелдік жұмысшы жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.