Бейбіт Атамқұлов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды
2019 ж. 19 қыркүйек
2101
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын», делінген құжатта.