Маңғыстау облысының экс-әкімі жаңа қызметке сайланды
2019 ж. 17 қыркүйек
2215
0
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен бас кеңестің отырысында белгілі болды.
"Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының басшысы Бақытжан Әбдірайым басқа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатты", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Бас кеңестің мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде Ералы Тоғжанов балама негізде ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды.
Айта кетсек, Ералы Тоғжанов 2017 жылдың наурызынан бастап биыл маусым айына дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған болатын. Оның орнына Серікбай Трұмов өңір басшысы болып тағайындалды.