Қазақ тілін дамытуға арналған бұрынғы жобалар қайта жаңғырады
2019 ж. 13 қыркүйек
3003
1
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жаңа құрамын қабылдады, деп ;жазады Елорда Инфо.
Кездесу барысында қазақ тілінің мәртебесі сөз болып, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына орай өткізілетін шаралар пысықталды.
Сондай-ақ жиында ана тіліміздің қоғамдағы салмағы артқан 1989 жылдан бері осы салада талмай еңбек етіп, тіл мәртебесін көтеру жолында бел шеше күрескен азаматтарымызға, оның ішінде ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсетілуі керектігі айтылды. Сол сияқты қаладағы қазақ тіліндегі сауатсыз жарнамаларды түзету жайы да әңгімеге арқау болды. Бұл тұрғыда "Тіл сақшысы" сынды бұрынғы бірқатар жобаны қайта жаңғырту мәселелері де қаралды.
Аталған қоғамдық бірлестік мүшелерінің ұсыныстарын елорда әкімі Алтай Көлгінов толықтай қолдайтынын жеткізді.