Нұр-Сұлтанда атыс: 3 адам жараланып, 1 адам көз жұмды
2019 ж. 27 тамыз
6591
1
Нұр-Сұлтанда атыс болып, төрт адамды жарақаттады. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Нұр Сұлтан» полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 тамызда Маман көшесінің бойында болған. Қоңырауға келген полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың өзара қарым-қатынасын анықтаған кезде олардың біреуі мылтық атуды бастағанын анықтады.
«Атыс салдарынан қақтығыстың төрт қатысушысы жарақат алды, олардың біреуі ауруханаға келгеннен кейін қайтыс болды. Осы қылмысты жасаған күдіктілер оқиға болған жерден қашып кетті. Осы оқиғаға байланысты екі күдікті жедел уәкілдермен ұсталды», - деп хабарлады департаментте.
Қазіргі уақытта олар «Нұр-Сұлтан» ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде полиция оқиғаға қатысушылар арасындағы жанжал дұшпандық қатынастар негізінде болғанын анықтады.