Ақтөбе облысында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті
2019 ж. 13 тамыз
3268
0
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды 24.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, өртке күн райының ыстық болуы себеп болды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 30-ға жуық дала өрті тіркелген. Негізінен оқыс жағдайлар Алға, Ырғыз және Мұғалжар аудандарында болған. Барлық дерек бойынша келтірілген шығын көлемі 67 млн теңгеге жуықтайды. "Біз алдын алу жұмыстарына үнемі көңіл бөлеміз. Шаруа қожалықтарының өкілдеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеміз. Бұл тұрғыдағы мобилді топқа ішкі істер органы мен әкімдіктердің қызметкерлері де тартылды. Олар да үгіт-насихат жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Мәлік Нұғманов.