Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды
2019 ж. 19 маусым
1975
0
Алматыда сот экс-банкир Жомарт Ертаевты қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Жомарт Ертаев 15 тамызға дейін қамауда отыратын болды.
Мұның алдында хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокуратурасының тергеу оперативтік тобының басшысы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты сот мерзімін кейінге шегеру туралы сотқа өтініш түсірген болатын. Сот тергеу тобы басшысының өтінішін қанағаттандырды.
Ж.Ертаев Интерполдың Ұлттық орталық бюросының тапсырысымен 15 наурызда Мәскеуде ұсталған болатын. Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ-менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді.