Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкін. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Президентті ұлықтау рәсімін 12-сі (маусым) өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер сол уақытқа қарай Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жинақтап, ресми есепті жариялап үлгерсе, әрине. 14-і күні маған Бішкекке ұшу керек, одан кейін Душанбе, ірі халықаралық шаралар бар. Сондықтан Қазақстан Республикасының президенті өз өкілеттігінде болғаны жақсы", - деді Тоқаев.