Ақтауда өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды
2014 ж. 05 қазан
1736
0
5 қазанда, шамамен сағат күндізгі 12-де көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Түтін басқан бөлмелерден өрт сөндірушілер 10 адамды құтқарды, деп хабарлады lada.kz.
Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Нұржан Борашевтың хабарлауынша, төтенше оқиға туралы дабыл осы үйдің тұрғындарынан түскен. Содан кейін оқиға орнына 5 өрт сөндіру автомашиналары құрал-саймандарымен аттанған.
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі қызметкерлерінің айтуынша, өрт 40 минуттан кейін сөндірілген. Зардап шеккендер болған жоқ.
«Алтыншы қабаттағы пәтер түгелімен жанып кетті. Біз пәтерді ашып қарадық, онда ешкім болған жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген залал мөлшері анықталуда», - деп атап өтті Нұржан Борашев.
Ақпарат көзі - Қазақпарат.