Ақтаудағы алқабилер құрамына 5 өлген адам еніп кетті
2014 ж. 11 қазан
1618
0
«Ақтау қалалық прокуратурасы мен Ақтау қалалық әкімшілігінің 2013 жылға бекітілген алқабилерге кандидаттардың тізіміне, ондағы Қазақстан Республикасының 16.01.2006 жылғы «Алқабилер туралы» Заңының қолданысына тексеріс жүргізілді», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық прокуратурасының сайты.
2013 жылы алқабилер құрамына Ақтау қалалық әкімшілігімен 3999 адам тізімге тіркеліпті. Әйткенмен, прокуратура қызметкерлері алқабилердің тізімінде бұрын сотталған, жазасын өтеу мерзімі өтеліп болмаған, сондай-ақ 2013 жылы қайтыс болған 5 адам еніп кеткендігін анықтады. Мұнымен қоса, алқабилер кандидаттығына ұсынылған тұлғалардың 7-і психоневрологиялық диспансерде тікеуде тұрғандығы анықталды. Бұл ақпаратты облыстық психоневрологиялық диспансер қызметкерлері растап отыр.
Тексеру соңында прокуратура өкілдері Ақтау қаласы әкімінің атына заң бұзушылықты жоюды ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы орган алқабилерді таңдау барысында талаптарға сай екендігін қатаң тексеруден өткізу керек деген ұсыныс айтты.