Маңғыстау облысының әкімі «Мерейлі отбасы» жобасының финалистерін қабылдады
2014 ж. 23 қыркүйек
1730
0
Қыркүйектің 19-ы күні Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» жобасына Маңғыстау облысының атынан қатысқан ҚҰЛЫШОВтар әулеті туған жерге оралды
Абыройлы отбасыны маңғыстаулықтар әуежайдан күтіп алды. Олар 16 отбасы қатысқан республикалық конкурста 3-ші орынды иемденген болатын.
Ал қыркүйектің 22-сі күні Маңғыстау облысының әкімі Алик АЙДАРБАЕВ Құлышовтар отбасымен кездесті. Нұралы мен Әлия Құлышовтар бүгінде үш бала мен төрт немере бағып отыр. Отағасы Нұралы Құлышов Азияда өткен параолимпиадалық ойынының екі дүркін чемпионы, Қазақстан бойынша волейболды отырып ойнаудан 11 рет чемпион атағын жеңіп алған. Сондай-ақ Маңғыстауда мүгедектерге арналған спорттық мектептің негізін қалаушы. Ал баласы Ерік болса ережесіз жекпе-жектен бірінші спроттық разрядты бар. Қыздары Эльмира мен Жанар каратэ-додан Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері.
«Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстанда алғашқа рет өтіп отыр. Жарыста бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан 8 баласы, 10 немересі және 33 шқбресі бар БИМАХАНБЕТОВтер отбасы алды. Оларға микроавтобус кілті табыс етілді.